Конференция туралы
2026 жылдың 13-14 сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Satbayev University) «Satbayev International Conference 2026» (Сәтбаев оқулары-2026) атты халықаралық конференциясы өтеді. 2024 жылдың басты тақырыбы «Ғылым мен технологияның интеграциясы: тұрақты даму жолы».
Өтетін орны: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Satbayev University)
13 сәуірде конференция келесі панельдік сессияларда өтеді:
1 панельдік сессия – Климаттың болашағы: сценарийлер, тәуекелдер және технологиялық таңдау нүктелері
2 панельдік сессия – Әлемнің энергиясы, ресурстары және климаттық тұрақтылығы
3 панельдік сессия – Халықаралық ынтымақтастық және климаттық жауапкершілік
14 сәуірде конференция келесі секцияларда өтеді:
Секция 1. Климаттық өзгерістерге бейімделуге арналған тау-кен және металлургия саласының инновациялық технологиялары
Секция 2. Тұрақты энергетика және климаттың өзгеруі контексіндегі геоғылым, мұнай-газ және химиялық инженерия
Секция 3. Жаһандық климаттың өзгеруі жағдайындағы энергетика мен машина жасаудың технологиялық дамуының мәселелері мен перспективалары
Секция 4. Тұрақты даму мен климатқа бейімделуге арналған ақылды технологиялар
Секция 5. Құрылыста және көлік инфрақұрылымында климаттың өзгеруіне бейімделуге арналған инновациялық технологиялар
Секция 6. Көлік және логистикалық жүйелердің тұрақты дамуы және көік инженериясындағы цифрлық шешімдер
Секция 7.Тұрақты даму: технологиялар экономикасы мен басқаруы, цифрлық ғылым мен білім, пәнаралық диалог және инженерлік мұра
Конференцияға ұсынылатын материалдар өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы немесе практикалық маңызы болуы тиіс. Қолжазбаны беру үшін өтіңіз және сілтеме арқылы тіркеліңіз: https://conference.satbayev.university/index.php/journal/about/submissions
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келмейтін қолжазбаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР!
01 желтоқсан 2025 - 1 наурыз 2026 – конференцияға қатысу үшін қолжазбаларды қабылдау.
13 сәуір – конференция мен панельдік сессиялардың ашылу күні.
14 сәуір – секциялық отырыстар және конференцияның жабылу күні.
